Атыраулық тәртіп сақшылары "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 700-ге жуық азаматтық қару иелерін тексерді. Бұл жөнінде Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шара барысында полиция қызметкерлері шалғайдағы шаруа қожалықтары мен мал жайылым учаскелерін, сондай-ақ қаладағы жеке секторларда орналасқан үйлер мен көп қабатты үй пәтерлерді тексерді.
Тексеру барысында азаматтық қару иелерінің қаруларды сақтау ережелерінің орындалуы басты назарға алынды. Себебі, заңнамаға сәйкес азаматтық қаруды сатып алу және сақтау үшін үйде, пәтерде күзет дабыл белгісі орнатылуы міндетті.
Сонымен қатар тексеру нәтижесінде қару сақтау ережесін бұзудың 60 фактісі анықталған. Қызылқоға аудандық полиция қызметкерлерімен заңсыз тегіс ұңғылы атыс қаруын сақтап келген азамат анықталып, қару балистикалық сараптамаға жолданды. Аталмыш шара 29 мамырға дейін жалғасады.