Атырау полициясы мото-көлік жүргізушілерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері мотоцикл, скутер, квадроцикл, мопед жүргізушілерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Патрульдік полиция инспекторлары тексеріс барысында мото-көлік жүргізушілеріне жүргізу жылдамдығының 40-60-тан асырмауын, жүргізуші мен жолаушының міндетті түрде мотошлем тағуы, бағыт ауыстыру, маневр жасаған кездерде ережелерді сақтау, т.б. құқықбұзушылықтарды жасамау туралы түсіндірілді.

Ал, Сатпаев көшесі бойында тоқтатылған квадроцикл жүргізушісіне мотошлем кимегені үшін ҚР ӘҚБтК 615 бабымен хаттама толтырылды.

Патрульдік полиция инспекторларымен жыл басынан мотоцикл жүргізушілеріне қатысты ҚР Әкімшлік құқық бұзу туралы кодексінің 595 бабы (маневр жасау), 615 бабы (мотошлем тақпау), 612 бабы (жүргізуші куәлігі жоқ күйде жүргізу) бойынша 20-дан астам әкімшілік хаттамалар толтырылып, 5 мотоцикл айыптұрағына қойылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT