Тамара Дүйсенова қызметінен кетті

Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Nur Otan» партиясының хатшысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты», - деп жазды Бауыржан Байбек. Сонымен қатар ол нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тіледі.

ATpress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT