Қарызды қайта қаржыландыру мерзімі ұзартылды

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімін ұзартуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін барлық валюталық ипотекалық қарыз алушыларды Бағдарлама аясында барынша қамту мақсатында осы қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін, таратылып жатқан «Астана Банкі» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ банктеріндегі қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды», – деп хабарлады О. Смоляков.

Бағдарламаға енгізілген түзетулерді ескере отырып, қарыз алушылар 2019 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде қайта қаржыландыруға өтінішпен кредитор банкке жүгінулері қажет. 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға 64,9 млрд теңге сомасына 7 735 валюталық ипотекалық қарыз мақұлданды, 51,4 млрд теңге сомасына 6 283 валюталық ипотекалық қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарлама бойынша түсініктемелер мен консультацияларды Қазақстан Ұлттық Банкінің Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй мекен жайындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде, ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында, «Кері байланыс» нысаны арқылы ҚР Ұлттық Банкінің сайтынан алуға болады.

Махамбет Маденов, Ұлттық Банкі Атырау

филиалының экономикалық талдау және

статистика бөлімінің жетекші

маман-экономисі

Сурет:дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT