Ел үшін елеулі, тағы бір тарихи күнді бастан өткеріп жатқан махабеттіктер өздерінің сайлау учаскелеріне түс ауғанша асығып жетіп жатыр.
Жас пен кәрі де, баласын жетектеген жас аналар мен алғашқы сайлаушылар легі бірте бірте көбеюде. №216 сайлау учаскесіне бір топ ұстаздар қауымы да келіп кетті. Қатарында, білім беру саласының зейнеткері Мұсташ Есенғалиев, Күнсұлу Ерғалиева және Қамбар Түсекенов, Бержан Жантөриевалар да бар. Саналы ғұмырларын шәкірт тәрбиелеуге арнаған жандар, енді міне жарқын болашақ үшін өз таңдауларын жасауда.
А.Қуанышқалиева