Махамбет ауылдық округіне қарасты №216 сайлау учаскесінде 1701 сайлаушы тіркелген.
Таңертеңгі сағат 10.00-ге дейін 429 адам дауыс беріп үлгерді. Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев та дәл осы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
«Ел өміріндегі елеулі өзгерістерге үн қосып, халықпен бірге таңдау жасамаққа келдік. Сайлау жүйесіндегі жаңашылдықтарға, осы саяси науқаннан кейін орын алатын оң өзгерістерге сенім артамыз. Халық дейтін ұлы көш қайда болса, бізде де сондамыз. Саяси партиялар мен бағын сынап жатқан депутаттарымыздан қажырлы еңбек күтеміз» деді аудан басшысы әріптестеріне сәттілік тілеп.