Махамбет аудандық сотының төрағасы Б.Қадырғалиев «Жайық шұғыласы» газетінің тілшісі А.Қуанышқалиеваның қатысуымен 2019 жылдың 6 айдың жұмысын қорытындылап, брифинг өткізді.
Брифинг барысында сот төрағасы аудандық соттың 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қаралған істердің санаттары жөнінде статистикалық мәлімет берді. Сонымен қатар, БАҚ өкіліне қазіргі уақытта сот жүйесіндегі барлық салалар бойынша сот қызметі туралы ақпараттардың, сондай-ақ сот төрелігінің ашық, қолжетімді әрі айқын болуына аса мән берілуде екенін атап өтті.
Шара соңында сот төрағасы жаңа технологияларды енгізу мақсатында өткізілген «дөңгелек үстелдер» және семинарлар туралы баяндап, тілшінің сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Өз тілшіміз