Ауданда Атамұра кешенінде "Таң" даму және қолдау қорының ұйымдастыруымен жастар арасында "Бақытты отбасы" тақырыбында семинар өтті.
Шараға Махамбет аудандық сотының төрағасы Б.Қадырғалиев, аудандық әкиматының бас инспекторы Г.Тулегенова және ауылдың белсенді жастары, жас отбасылар қатысты. Сондай-ақ, аудандық соттың төрағасы Б.Кадыргалиев өз баяндамасында 2019 жылдың 6 айында былтырғы жылмен салыстырғанда неке бұзу туралы арыздарының көбейгенін, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Отбасылық сот» пилоттық жобасы енгізіліп, жоба мақсатында өткен шараларды айтып өтті.
Аудандық сотта отбасылық сот кабинеті ашылып, онда билер кеңесі, медиаторлар отбасын сақтауға жәрдем көрсетіліп жатырғанын, аудандық әкиматының қолдауымен жол-жиектеріне отбасы құндылықтарын сақтауға арналған билборд орналастырылғанын айтып өтті.
Семинар соңында жастар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын берді.
Өз тілшіміз