Медиация кабинеттерінің "Ашық есік" күні

Тамыз айында «Бірыңғай республикалық медиация күніне орай Махамбет ауданы Өнерпаз үйінде «Медиация кабинеттерінің ашық есік күні» өткізілді.

Шараға Махамбет аудандық сотының төрағасы, Махамбет ауданының прокуроры, Билер кеңесінің мүшелері, кәсіби медиаторлар, Махамбет аудандық әділет басқармасы, «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Махамбет аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы қатысты.

Шараның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, «медиация», «медиатор» ұғымын кеңінен түсіндіру, дауды бейбіт түрде шешу туралы ақпарат алу. Қабылдауға келген азаматтардың сұрақтары көбінесе жер, тұрғын үй мәселеріне қатысты болды, жүгінген азаматтарға сот төрағасы Б.Қадыргалиев, медиаторлар тарапынан толыққанды түсіндірме берілді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT