Тұрғын үйдің терезесіне тас лақтырып сындырып, бұзақылық іс-әрекетін жасаған.
Махамбет аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Р. 2019 жылы Махамбет ауылындағы «Шұғыла» мөлтек ауданында орналасқан тұрғын үйдің терезесін тас лақтырып сындырып, азаматша А-ға материалдық залал келтіріп, ұсақ-бұзақылық іс-әрекетін жасағаны анықталды.
Сот отырысында Р. өз кінәсін толық мойындап, ондай іс-әрекетті енді қайталамайтыны туралы жауап беріпті. Жәбірленуші А. құқық бұзушы Р-ға кешірім беретінін, оған қояр талабы жоқтығы туралы жауап берген.
Аудандық сотпен Р. ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша оған 12 625 теңге әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Өз тілшіміз