Шығынды өндіру туралы азаматтық іс медиациялық келісімге келді

Махамбет аудандық сотына талап қоюшыдан жол-көлік оқиғасы салдарынан келген материалдық шығынды өндіру туралы талап арыз түскен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс судьямен татуластыру рәсімін жүргізу кезінде татуласып,материалдық шығынды өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша дау (жанжал) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімдері келесі шарттар бойынша бекітілді: Жауапкер 2020 жылдың желтоқсан айына дейін талап қоюшыға келісілген материалдық шығын бойынша 500 000 теңгені толық төлеуге міндеттенді.

Талап қоюшы А жауапкер Р-дан 2020 жылдың желтоқсан айына дейін келісілген материалдық шығын бойынша 500 000 теңгені алуға келісті.

Сонымен қатар талабынан, соның ішінде жауапкерден қалған 529 208 теңге өндіру жайлы бөлігінен бас тартты.

Азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT