Аймақ басшысы азаматтарды онлайн қабылдады

Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Облыс басшысының кезекті қабылдауына жазылғандар әртүрлі әлеуметтік мәселеге қатысты өтініштерін айтты. Бірқатары тұрғын-үй және жалақысы жоғары жұмыспен қамтуға көмек қолын созуды сұрады.

Азаматтардың өтінішін тыңдаған аймақ басшысы көтерілген мәселелерді заң шеңберінде шешу жолдары қарастырылатынын айтты. Сондай-ақ, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әр өтініштің артында адам тағдыры тұрғандықтан олардың жеке өз бақылауында болатынын жеткізді.

Өңір басшысының азаматтарды онлайн қабылдауына қатысқан лаузым иелеріне де өтініштерге қатысты тиісті тапсырмалар берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT