Фейсбук әлеуметтік желісінде 1941-45 жылдары Атырау (бұрынғы Гурьев) облысынан аттанған жауынгердің хаты мен құтысы Ресейдің Смоленск облысынан табылғаны туралы ақпарат тарай бастады.
Жауынгердің аты-жөні әзірге белгісіз. Ал жауынгердің хаты Смоленск облысы, Кардымов ауданы, Русаново елді мекені аумағындағы қайың тоғайда іздеу-барлау экспедициясын өткізу кезінде табылады.
Медальондағы жазылған дерек бойынша соғыста қаза тапқан солдат бұрын Сарайшықта тұрған, аты-жөні анық көрінбейді, Ербатырова Рахима анасы немесе әйелі болуы мүмкін деген жазу анық екен.
Сонымен қатар жауынгердің құтысын (фляжка), содан кейін белдігін де (фрагменттік) тапқан. Олар ағаш тамырының астында 30-40 сантиметр тереңдікте қалып қойған.
«Переправа» іздестіру отрядының командирі Наталья Максимова болса : белгісіз жауынгердің медальонында «Каз. ССР. Гурьевская область, г.Гурьев, Баксайский р-н, посёлка Сарайчик, получить Ербатыровой Рахимой» деген жазба барын, өкінішке орай жауынгер өзінің аты-жөнін жазбаған», -деп хабарлады.
Осы белгі бойынша жауынгердің ұрпақтары болса,жоғарыда айтылған іздестіру отрядына хабарласып,білулеріңізге болады.
«Жайық-Ақпарат»
Сурет:дереккөз