Әлеуметтік желілерде вакцинациялаудан кейін балаларда аутизм дамуы мүмкін деген жарияланымдар ұдайы жазылады.
Бұл мифтің қайдан шыққаны және бұл ақпараттың неге шындыққа жанаспайтыны туралы білесіз бе? Бұл фейк 20 жылдан астам уақыттан бері бар. Ол 1998 жылы доктор Эндрю Уэйкфилдтің зерттеу нәтижелері жарияланғаннан кейін шыққан. Британдық «The Lancet» ғылыми журналындағы мақалада дәрігер қызылша, қызамық және паротит ауруларына қарсы егу аясында аутизм дамуы мүмкін екенін айтқан. Бұл деректерді тексеру кезінде атышулы мақала жалған болып шықты. Гипотезалардың ғылыми дәлелдері болмаған. Сонымен қатар материалда қателер, жалған мәліметтер мен фактілерді бұрмалау жағдайлары анықталды.
«1998 жылы қызылша-паротит-қызамық вакцинасын (ҚПҚ) енгізу мен аутизмнің дамуының арасындағы ықтимал байланыс туралы жазылған зерттеу кейіннен өрескел қателіктері бар және қасақана бұрмаланған деп танылды. Көп ұзамай зерттеуді жариялаған журнал оны кері қайтарып алды. Өкінішке орай, бұл жарияланым қоғамда дүрбелең тудырып, иммундау деңгейінің төмендеуіне және осы аурулардың өршуіне әкелді. ҚҚП вакцинасы мен аутизмнің немесе аутизм спектрінің бұзылуы арасындағы байланысты дәлелдейтін мәліметтер жоқ», – делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында. Stopfake.kz
Мақала кері қайтарылып, теріске шығарылды,бірақ миф ұмытылған жоқ және вакцинациялауға қарсы адамдар оны осы күнге дейін әлеуметтік желілерде таратуда.
Ғалымдар өз зерттеулерінде вакцинациялау мен аутизмнің арасындағы байланыстың жоқ екендігін дәлелдеп қана қоймай, сондай-ақ егудің қажеттілігін ғылыми түрде негіздейді және вакцинациялаудан бас тарту қауіп екенін ескертеді.
«Жайық-Ақпарат»
Сурет:дереккөз