Сақтық шараларын естен шығармаған абзал

Дүние жүзін індет жайлағанда елімізде де қатаң шараларды қолданып, бірқатар мекеме, оқу орындары қашықтықтан оқып, жұмыс істеуге көшкен болатын.

Өңірімізде сақтық шаралары күшейтіліп, шектеулер қойылды. Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар, полиция мен медицина қызметкерлері тынымсыз еңбек етті.

Күні кеше әлеуметтік желіден облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны азайып, жағдай тұрақталғанын естіп көңіліміз көншігені рас. 17 тамыздан бастап өңірде карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілмек.

Карантин талаптары жеңілдетілгенмен,кейбірі сақталатын талаптарды орындауға тиіспіз. Бұл да дұрыс болар, арқаны кеңге салмай, адам көп жиналатын жерлерге шоғырланбаған дұрыс. Жұқпалы індетке жеңіл-желпі қарауға болмайтынын, салдары қандай екенін түсінгендей болдық.

Бұл өзіміздің халықтың әсіресе, 65 жастан асқан адамдардың саулығы үшін деп есептеймін. Мейілінше той-садақаны да бұрынғыша көл-көсір адам жинамаған жөн.

Қазіргі басты міндет – барынша сақтық шараларын жасау. Сонда ғана біз әлемді әбігерге салған індеттен құтыла аламыз.

Ш.Құсманов,

Сарытоғай ауылының тұрғыны, зейнеткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT