Әлемдегі елдерді аралап кеткен коронавирус індеті барша мемлекетке, ондағы барлық ұлттар мен ұлыстарға қауіп төндірді.
Біздің елде бұл індеттен шет қалған жоқ.Оның ішінде ауданымызда да індеттің етек алып, ауруға шалдыққандар саны күрт өсуге дейін алып келді. Өкінішке орай, жұқпалы індет арамыздан қаншама адамдарды да алып кетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен наурыз айында елімізде төтенше жағдай енгізіліп, қауіпті індеттің алдын алу жұмыстары күшейтілді.
«Сақтансаң сақтайды» демекші, елімізде сақтық шаралары қолданылып, коронавирусқа қарсы күрес басталып кетті. Қалалар мен елді мекендер карантинге жабылып, кәсіпорындар мен ойын-сауық, сауда орындары жұмысы тоқтатылды.Мектептер онлайн оқуға көшті. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта республика бойынша коронавирустың беті қайтып, індеттен сауығып шыққандардың саны артта түскенін ақпарат құралдарынан естіп қуанып қалып жатырмыз.
COVID-19 өршіп тұрған кезде шұғыл арада жасақталған стационарлардың кейбірі босап, бірқатар өңірлерде осы уақытқа дейін өзге науқастарды қабылдамаған емханалар мен ауруханалар бұрынғы жұмыстарына біртіндеп қайта орала бастады. Бірақ, еркінсуге әлі де ерте.
Келесі аптадан бастап елде карантин шаралары жеңілдейді. Карантин кезінде жұмыстары тоқтаған бірқатар кәсіптік нысандардың жұмысы қайта жанданады Бірақ демалыс күндері шектеу сақталады. Өйткені, вирустан әлі қауіп көп. Сондықтан қатаң сақтық керек.
Аздаған уақыттан кейін Республика бойынша жаңа оқу жылы басталады. Онлайн режимінде өтетін жаңа оқу жылы қай тарапқа да оңай тимейтіні анық.
Пандемия кезінде елдің болашағын ойлау, халықты аман-есен алып қалуда түрлі жағдайлар жасалуда. Балалар да еліміздің болашағы, олардың денсаулығы үшін карантин сақталып қалу керек.Бұл қиыншылықты да еңсеріп, еліміз індеттен толық айығып, қалыпты өмірімізге оралатынымызға сенімдімін.
А.Сарсенғалиев,
Қ. Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебі
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
тарих пәні мұғалімі