Атырау тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында тыйым салынған аудиожазба жүктеген

Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дін саласындағы құқық бұзушылықтың екі фактісін анықтады. Бұл туралы Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші жағдайда жергілікті тұрғын өзінің "ВКонтакте" парақшасында дәстүрлі емес діни ағымның идеологы Дарын Мубаровтың уағыздары мен бейнематериалдарын жариялағаны анықталды. Дінтану сараптамасының тиісті қорытындысынан кейін құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 453-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот оған 38 892 теңге айыппұл салды.

Тағы бір азамат тағы да өзінің "ВКонтакте" парақшасында діни әдебиеттерді таратуға бағытталған фотосуреттер мен бейнелер орналастырған. "Қалалық әкімшілік соттың қаулысымен ол азаматқа 490-б.1-б. 3-т. бойынша 92 785 теңге айыппұл салынды.

Сондай - ақ, оның "ВКонтакте" парақшасының жұмыс істеуі үш айға тоқтатылды", - деді Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT