Сапалы су – денсаулық кепілі

Су – жер бетіндегі тіршілік көзі, күнделікті тұрмысқа қолданылатын ауыз су көзінің тазалығына, оның сапасына аса көңіл бөгеніміз абзал.

Су – біртұтас бөлінбейтін зат. Ол сутек пен оттектен тұрады. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор.

Су адам денсаулығының кепілі екені рас. Қоғамдық өндірістің жедел дамуы, қалалардың урбанизациясы, халық санының тез өсуі, қоғамның тұрмыс жағдайының жақсаруы, халықтың мәдени деңгейінің өсуі, осының бәрі-судың қажеттілігін өсіреді. Сондықтан қолданылатын су экологиялық жағынан қауіпсіз болуы керек. Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады. Тазалығы жөнінен су мөлдір, иісі, дәмі жоқ болып, ең бастысы құрамында ағза үшін зиянды химиялық заттар және ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс. Сонымен қатар адам үшін судағы еріген химиялық заттардың құрамы мен мөлшерінің мәні зор. Химиялық элементтердің мөлшеріне қарай кейбір су көздерінің емдік қасиеттері де бар. Суды емдеу орындарында екі түрлі жолмен ауыз суы ретінде және шомылатын су ретінде пайдаланады. Табиғатта судың орнын ауыстыратын зат жоқ. Су-тіршілік көзі, су-өмір. Су құрамын анықтау үшін ҚР ҮЭМ 2016 жылғы 6 маусымдағы №239 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес су жинау орны және су тазарту қондырғыларының сенімгерлікке алған жеке кәсіпкерлері келісім-шартқа отырып, тоқсаныға 1 рет ауыз суға сынама алынып, оларға толық химиялық-физикалық зерттеулер жүргізіледі. Атап айтқанда иісіне, дәміне, түстілігіне, лайлығына, сутектік көрсеткішіне, қалдық хлорға, сульфат, хлорид, нитрат иондарына, ауыр металл тұздарына, т.б. химиялық элементтер құрамына қаралады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2017 жыл мен 2018 жылдың 7 айының қорытындылары бойынша мынандай көрсеткіштер берді: 2017 жылы ауыз су сапасын анықтауға 40 сынама алынып, 385 зерттеу болды. Ашық суға Махамбет селосының жоғарғы және төменгі жерлерінен және су тарту жерлерінен 11 сынама алынып, 253 зерттеу жүргізілді. Сәйкес емесі 2 сынама, 4 зерттеу болды. 2018 жылдың 7 айында ауыз су сапасын анықтауға 20 сынама алынып, 268 зерттеу жүргізілді, сәйкес еместік анықталған жоқ. Ашық суға Жайық өзенінің Махамбет, Ақжайық, Ақтоғай, ескі Сарайшық су тазарту қондырғыларының тұсынан 7 сынама алынып, 100 зерттеу жүргізілді, сәйкес еместік анықталған жоқ. Биылға сәйкес еместік анықталмау себебі, тексеру уақыты судың тұнып, лайлану кезеңінен өткеннен кейін болғандығы деп түсіндіреміз. Санитарлық талапқа сай болмаған су тазарту қондырғыларының басшыларына жедел бөлім мамандары тиісті шаралар қолданып, қалпына келтірілді. Су сапасы маңызды. Жоғары сапалы суды пайдалану қоғамның салауатты өмір салтының кепілі. Демек, оның тұрмыс жағдайының жақсартының кепілі екенін көрсетеді. Қорыта айтқанда судың тазалығын сақтау –бүкілхалықтық іс екенін ұмытпауымыз керек. Ауданымыздағы жалғыз тіршілік көзі, ол – Жайық өзені. Ол бірінші қажеттілік және біздің байлығымыз. Қазақта «су ішетін құдығыңа түкірме, кейін одан су ішерсің» деген бар. Судан адам баласына келетін пайда көп. Оны тиімді пайдалану, таза ұстау – баршамыздың абыройлы борышымыз.

Ж.ТӨРЕБАЕВА,

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК

Атырау облысы бойынша филиалы Махамбет аудандық бөлімшесінің зертхана маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521