Сайлаушылар белсенділігі жоғары

Махамбет ауданы бойынша кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі жиырма сайлау учаскесі дәл белгіленген уақытта салтанатты жағдайда ашылып, еліміздің Әнұраны шырқалғаннан кейін өз жұмыстарына кірісіп кетті.

Алты сайлау учаскесі аудан орталығы-Махамбет ауданында болса, қалған 14-і елді мекендерде орналасқан. Жалпы аудан бойынша жиырма бір мыңнан астам сайлаушы өз таңдауларын жасайтын болады.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының берген мәліметі бойынша 9 маусым күнгі сағат он екіде барлық сайлаушылардың 45,7 пайызы дауыс беріп үлгерген. Енді жекелеген сайлау учаскелері бойынша тоқталар болсақ, №216 сайлау учаскесі бойынша 1311 сайлаушының тізімі алынса, түскі сағат он екідегі мәліметке сүйенсек, 707 адам, немесе сайлаушылардың 53,9 пайызы сайлау бюллетенін алып, өз таңдауларын жасаған.

4

Жалпы сайлаушылардың жоғары белсенділігі байқалады. Осы сайлау учаскесінде арнайы рұқсат берілген құжаттарымен келіп тіркелген «Аманат азаматтық платформасы» заңды тұлғалар бірлестігі, сондай-ақ «Тәуелсіздік таңы-желтоқсан» республикалық қоғамдық бірлестігінің байқаушылары сайлау барысын бақылап отырды.

Н.Тельман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521