84 жастағы қарт алғашқы сайлаушы

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы ауданымыз бойынша 20 сайлау учаскесінде өткізілуде.

Оның 14-і ауылдық округтерде, 6-уы Махамбет ауылында орналасқан. Аудан орталығындағы «Өнерпаз» мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №215 сайлау учаскесінде дауыс беру бекітілген уақытпен 07.00-де салтанатты түрде ашылып, мемлекеттік Әнұран шырқалды.

Ел үшін маңызды тарихи оқиғаның шымылдығын ашқан, яғни, алғашқы боп дауыс берген Махамбет ауылының тұрғыны, зейнеткер-ұстаз Әміржан Молдашев. Сексеннің төртеуіне шыққан ақсақал дауыс беру парағын алып, өз таңдауын жасады.

- Бүгін мемлекетіміз үшін маңызды күн. Ел Президентін сайлауға әрбір қазақстандық атсалысуы тиіс деп білемін. Біздің тілегіміз елдің тыныштығы, Отанымыздың, отбасымыздың амандығы. Бұл сайлау әділ өтетініне және қарақан бастың қамын емес, қарапайым халықтың жағдайын ойлайтын ұлтжанды азаматтың жеңіске жетеріне сенемін, - дейді Ә.Молдашев.

4

№215 сайлау учаскесіне 1201 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 1 мүгедек, 15 қарт үйге шақырту бойынша өтініш білдірген. Үйге шақыртуға өтініш беру түскі 12.00-де тоқтатылады. Аталған сайлау учаскесіндегі сайлау процесінің жұмысына «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу азаматтық платформасының өкілі ретінде С.Хайрушев және «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалынан Қ.Сисенов байқаушы ретінде қатысуда.

Сонымен қатар, құқықтық тәртіпсіздіктің орын алуына жол бермеу мақсатында аталған ғимарат құқық қорғау мекемесінен келген екі қызметкердің бақылауында. Түскі 12.00-ге дейінгі алынған мәліметке сәйкес №215 сайлау учаскесінде 650-ге жуық сайлаушы дауыс берді.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521