Халық өз таңдауын жасады

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясындағы №217 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7.00-де бастап, Әнұранмен салтанатты жағдайда ашылды.

Комиссия төрайымы Нұрбану Сапенова өз таңдауын жасауға келгендерге сәттілік тіледі. Байқаушылардан БАҚ, «Нұр Отан» партиясынан, тәуелсіз байқаушы Баян Альдешова, «Бюджеттік талдау және экономикалық мониторинг орталығынан» Болатбек Кульбараков қатысып отырды. Сайлау учаскесі ашылысымен мұнда ел-жұрт өз таңдауын жасауға ағыла бастады. Таңғы сағат 7-ден 8.00-ге дейін 28 адамдай дауыс беріп үлгерді. Сайлауға келе алмайтын 48 адамға тасымал жәшігімен үйіне барып, алатынын білдік.

4

Жалпы №217 сайлау учаскесінде 1690 адам дауыс беруі тиіс болса, сағат 10.00-де 177 адам дауыс берген екен. Сайлауда дауыс беру- әр адамның азаматтық парызы. Сайлау учаскесіне егде жастағы болсын, жастар болсын лек-легімен келіп жатқанын байқадық. Түске таман сағат 12.00-де дауыс бергендер саны 730-ға жетті. Президенттік сайлау - зор болашақтың бастамасы. Бұл сайлаудан үлкен үміт күтіледі. Бізге болашақты, ел ертеңін, айдында жүзген кеменің бағытын айқындайтын ұлт көшбасшысы керек.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағын басқаратын президентті қолдап, әділ сайлау арқылы таңдаған дұрыс. Сайлау-ең маңызды халық таңдауы, мемлекет тағдырын тұлға сеніммен тапсыру десек, қателеспейміз. Еліміздің жарқын болашағы әр азаматтың тағдыры сайлау шешіміне байланысты болғандықтан сайлауға барынша жауапкершілікпен қаралады. Сайлау арқылы ертеңгі күннің не болатыны анықталады. Бұл президенттік сайлау-әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықтың пікірі деп білген абзал.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521