Сайлауға да қол ұстасып келген қарттар көз сүйсіндіреді

Бүгін, яғни 9 маусым Тәуелсіз Қазақстан тарихында алтын әріптермен сақталатын айтулы күн.

Бүгін елімізде мереке. Халықтың тағдыры шешілетін, таңдауы жасалатын күн. Таң ата елең-алаңмен тұрғындар өздеріне қарасты сайлау учаскелеріне қарай бет алды.

№218 сайлау учаскесінде де сағат 7:00-де Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалып дауыс беру ашық деп жарияланды. Алғашқылардың бірі болып келген Әмір Тұрлыбаев: «Осы күнді асыға күткенін және өз таңдауын жасауға көп ойланбағанын айтты».

4

Жалпы аталмыш сайлау учаскесіне қарасты 1455 тұрғын бар болса, оның ішінде 7 мүмкіндігі шектеулі жандар . Ал, егде жастағы қарттардың басым көпшілігі аяқтай келіп таңдауларын жасап, ақ батасын беріп кетіп жатты. Әсіресе, ерлі-зайыпты қариялардың бір-бірін жетектеп, бюллетеньдерді бірге толтырып, жәшікке дейін бірге салып жатқанын көріп іштей сүйсініп қаласың. Бірінен соң бірі толассыз келіп жатырған сайлаушылардың түрлі сауалдарына жауап беріп, құжат бойынша тіркелген дауыс беру учаскелерін анықтап, келеңсіздіктердің орын алмауын қадағалап отырған сайлау комиссиясының төрағасы А.Сисенов бастаған топ өз жұмыстарын барынша тиянақты атқаруда. Ал, «Amanat» сайлауға мониторинг жүргізу азаматтық платформасының бақылаушысы А.Қабиденова да өз тарапынан атқаруға тиісті міндеттерін нақты орындап, дауыс беру уақытында заң бұзушылықтардың орын алмауын бақылап отыр.

 Есеп бойынша №218 сайлау учаскесіне таңертеңгі 7:00-ден түскі сағат 13:00 ге дейінгі аралықта бас-аяғы 560 адам дауыс бергені анықталып отыр. Толассыз, халық кезекке тұрып келіп жатырған науқанның көрсеткіші кешке дейін нақты қанша болары белгісіз.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521