Тарихи таңдау жасалған күн

Бүгін таңғы сағат 06.00-ден бастап махамбеттіктер ел болашағы жолында елеулі таңдауларын жасау үшін сайлау учаскелеріне қарай ағылды.

Аудан орталығындағы Е.Ағелеуов орта мектебінде орналасқан №219 сайлау учаскесі сағат 07.00-де салтанатты түрде ашылды. Мемлекеттік Әнұран шырқалып, сайлау учаскесінің төрағасы Г. Неталиева учаске жұмысын ашық деп жариялады.

4

4

Таңғы сағат 6-да келген ауыл тұрғыны Бауыржан Мырзатаев алғашқы болып тіркеліп, өз таңдауын жасады.

 

4

 

-Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Өйткені, халық дәл бүгін тарихи таңдау жасайды. Мен де өзімнің жүрегім қалаған үміткерге даусымды беріп шықтым. Қашанда тыныштық пен татулықты ту еткен қазақ елі үшін бірлік пен береке әрдайым бірінші орында тұратыны анық. Отандастарымыздың ел Президентін таңдауға ұйымшылдықпен қатысатынына, сайлаудың жоғары деңгейде, әділ де таза өтетініне сенімім мол ,– дейді Бауыржан Мырзатаев.

№219 сайлау учаскесі бойынша барлығы 763 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде. Сағат 12.00-дегі есеп бойынша 763 сайлаушының 324-і дауыс беріп үлгерді. Сайлаушылар тарапынан жазылған өтініштің негізінде 7 үйге дауыс беру жәшігі апарылды.

Б.Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521