Қос ғасырдың куәгері 96 жасында сайлауға қатысты

Кәмелетке енді толған баладан бастап, ақ шашты қарияларымызға дейін бұл күнді асыға күтті.

Ел тағдыры шешілетін күнде өз таңдауымды жасап, дауыс берем деушілердің қатарында жасы 96-ға келген Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі, тыл ардагері, алтын құрсақты ана, екінші топ мүгедегі, қос ғасырдың куәгері болған кейуанамыз Тлекбаева Дәмет әжеміз де бар.

4

4

№217 сайлау учаскесіне қарасты қарияның үйіне қызметкерлер жәшікті арнайы апарып дауыс бергізді.

Тәуелсіз Қазақстанның екінші президентін сайлауға қатысып отырған әжеміз бүгінгідей бейбіт заманға куәгер болып, ұл-қызының, немер-шөберенің қызығына бөленіп отырғанына шүкір айтып: « әр дұғамда, әр намазымда елімнің, халқымның содан кейін отбасымның тыныштығын тілеймін. Біз көрген бейнетті, бір көрген аштық пен жоқтықты, сұрапыл соғыс зардабын, жетімдікті өскелең ұрпақ көрмесін, осы дәуренімізден тайдырмай, одан әрі мемлекетімізді гүлдендіретін әділетті басшы сайлансын» деп ақ батасын беріп шығарып салды.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521