Қызметтік лауазымын асыра пайдаланған...

Лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен екі ай мерзімге үйқамаққа алынды.

Бөлім басшысы ретінде, мемлекеттiк функцияларды орындауға теңестiрiлген адам бола тұра, меншікке қарсы қасақана, ауыр қылмыстық құқық бұзушылықты жасағандығын, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде өзінің лауазымымен беделін пайдаланып, кедергі жасаған. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі ҚК) 190-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен, 190-бабының 3-бөлігінің 2,4) тармақтарымен күдікті Е.М-ға қатысты екі ай мерзімге «үйқамаққа» алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхаты қаралды.

Тергеуші өтінішхатта күдікті Е.М-ны үйқамақта ұстаудың негіздері, яғни қылмыстық іс бойынша жауапталған куәлерге, жеке кәсіпкерлердің және Мердігер мекемелерінің басшыларымен кездесіп, оларға қысым жасап, қылмыстық істің тергелуіне кедергісін келтіретінін ескеріп, осындай әрекетімен кедергі келтіру қаупіне негіздің барына байланысты, сондай-ақ істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бостандықта жүріп кедергі келтіретінін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруден немесе соттан жасырынуы мүмкіндігін, өзімен жасалған басқа да қылмыстардың ізін жасыру мақсатында қылмыстың дәлелденуіне маңызды қылмыс құралдары мен маңызды дәлелдемелерді жоюға шара қолданады деп күдіктенетінін көрсетіп, оған қатысты екі ай мерзімге «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялау қажет екенін көрсеткен.

Сот отырысында прокурор күдікті Е.М-ға қатысты екі айға дейін «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қанағаттандыруды сұраған.

Соттың қаулысымен күдікті Е.М-ға қатысты екі ай мерзімге «үйқамақ» алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхаты қанағаттандырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT