Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде жедел жәрдем шақыру жиілігінің артуына байланысты корона-такси қызметін іске қосу жоспарланып отырғанын мәлім етті, - деп жазады Egemen.kz
"Жалпы Қазақстанда жедел жәрдем шақыру жиілігі 1,8 есе артып кетті. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында тіпті 2-2,5 жарым есе көбейген. Бригадалар мен жедел жәрдем көлігінің жетіспеу мәселесі өте өзекті болып тұр. Бүгінге дейін отандық өндірістегі 807 автокөлікті сатып алу туралы келісімге қол жетті. Сонымен бірге медициналық емес ұйымдардың көлігінің көмегімен корона-такси қызметін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ұсыныстар ведомствоаралық комиссияның қарауына берілді. Қолдауға ие болар деген үміттемін", - деді министр.
Сурет:дереккөз