Атырау облысында фура өртенді

Түнгі уақытта тас жолда көлік өрті орын алды.

2020 жылдың 1 шілдесі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 01:43-те диспетчерлік қызмет пультіне Таңдай ауылынан 6 шақырым жерде Атырау қаласы Махамбет ауданының тас жолында автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен кезде, «Renault Magnum 440» маркалы фураның кабинасы мен қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатырғандығы анықталды. Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 4 қызметкері мен 1 техникасы күшімен сағат 02:43-те өрт толығымен жойылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда.

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Атырау облысы ТЖД

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521