Атырауда "Қоршаған ортаны, ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 1500-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл жөнінде Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Құқықбұзушылардың әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың 300-і осы бұзушылықты қайталап жасағандары да анықталып, ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 2 бөлімі ("Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер") бойынша хаттамалар толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Қоршаған ортаны таза ұстау, құқықбұзушылықтарды болдырмау бағытында учаскелік инспекторлар тұрғындармен профилактикалық жұмыстарын ұдайы жүргізуде.
Сурет:дереккөз