Еліміз 1991 жылы бүкіл халықтың сайлауы нәтижесінде өз тұңғыш Президентін сайлады. Қазақстанның жаңа тарихы басталды.
Өткен тарихқа көз жүгіртсек, сайлау бір күнде бола қалған жоқ. 1991 жылдың 16 қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақ КСР Президентін сайлау туралы»заң қабылдады. Осы заңмен бірге 1991 жылдың 1 желтоқсанын Қазақ КСР Президентін сайлау күні ретінде белгілеген қаулы шықты. Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика басшысын жалпыға бірдей, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдауға жағдай жасалды. 1 желтоқсан күні ел тарихындағы тұңғыш жалпыхалықтық сайлауға қатысқан халық 98,78 пайызы Н.Назарбаевқа дауыс беріп, Мемлекет басшысы ретінде таңдалды. Міне, осылайша Н.Назарбаев барша халық сайлаған Қазақстан Президенті мандатын тұңғыш рет иеленді.
Тұңғыш Президент қызметіне кірісуі мен Елбасының ант беру рәсімі 1991 жылғы 10 желтоқсанда өтті. Арада алты күн өткен соң Қазақстан Республикасы әлемге өз Тәуелсіздігін жариялады. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Елбасы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР заңына толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Заңда 1 желтоқсанда атап өтілетін жаңа мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген еді.
Қазіргі таңда Қазақстан бірлік пен ынтымақтастықтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығын зерделеп, «Қазақстандық жол», «Назарбаев моделі» деген баға берді. Елбасы салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Назарбаев бастамалары мен идеялары терең зерттеуге арқау болып, халықаралық деңгейдегі жетекші БАҚ назары ауды. Жалпы Елбасы Н.Назарбаев –Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Елбасы 1990 жылдың 24 сәуірінен 2019 жылы 20 наурызы аралығында Қазақстан Республикасының Президенті болды. Бүгінде Н.Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасы лауазымын сақтап қалды. Ол Елбасы, Ұлт Көшбасшысы ресми атауының иесі. Н.Назарбаев алдымен Қазақ КСР-ның Президенті болса, 2015 жылдың сәуіріндеп мерзімінен бұрын президенттік сайлауда қайта сайланды. Нұрсұлтан Әбішұлы 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы КОКП-ке қарасты жоғары партия мектебін бітірген. Ол Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы(1984-1989), 1962 жылдан КОКП мүшесі(1986-1991), КОКП Орталық бақылау комитетінің мүшесі(1981-1986), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы(1979-1984), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің І хатшысы(1984-1991), Солтүстік Қазақстан облысының КСРО Жоғарғы Кеңесінің Х-ХІ шақырылымдарының мүшесі(1979-1989), КСРО Халық депутаты(1989-1991), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы(1990)болды.
Жаңа тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттарыұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару, биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесіұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Н.Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаав басшылығымен конституциялық құрылым процесі жүзеге асты. Ол 1995 жылғы тамызда еліміздің негізгі заңын қабылдап, бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылығы конституциялық нормаларға айналды. Қазақстан экономикасын өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп,іске асты. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағытбағдарын айқындады. Соның нәтижесінде1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтады. Өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі өмірге келді, тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық реформалары жүзеге асты. Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. Елбасының 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын белгіледі. Н.Назарбаев экономист, саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекет, халықаралық қаржы институттарын қарқынды экономикалық ынтымақтасуға ықпал етті.
Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күрес, тұрғын үй құрылысын дамытуға т.б. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Елбасы индустриалдыинновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшылар арасында «Қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Көптеген бастамалары кең қолдау тапты. Мысалы, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызметтер.
Н.Назарбаев – ТМД, ОАО, Кеден Одағы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы(ШЫҰ), Еуразия Одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелген бастамашы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес(АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істеді. Елбасы мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттарын жолға қоюға көп көңіл бөлді. Астанада 2003,2006,2009,2012,2015 жылдары әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті. Назарбаев бастамасымен 10-нан астам оқу орындары ашылды. Атап айтсақ, халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан менеджмент институты, Қожа Ахмет Ясауи халықаралық қазақ-түрік университеті, Н.Гумилев Еуразиялық университеті, Ұлттық мемлекеттік заң университеті, Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері, бірқатар лицей-колледждер ашылды. Ел жастары ҚР Тұңғыш Президенті ашқан «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде білім алып жатыр. Аса қабілетті,талантты, дарынды балалар үшін «Дарын» сыйлығы тағайындалған.
Н.Назарбаевқа әлем қауымдастығы «сұңғыла саясаткер, көреген көшбасшы» деген баға берген. Елбасы – адамзатқа бір емес, бірнеше жаһандық жоба ұсынған әрі оның жүзеге асуына тікелей ықпал еткен тарихи тұлға. Ұлт Көшбасшысының бірнеше жаһандық бастамасы әлемнің алты құрлығында сәтті жүзеге асты. Ал «Назарбаев моделі» уақыттың сынынан шығып, өздігінен пайда болды. Баламасы жоқ модель жайлы отандық, шетелдік ғалымдар ондаған ғылыми еңбектер жазды. Н.Назарбаев тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде егеменді елдің зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет негізін қалап қана қоймай, жас мемлекетті халықаралық қоғамдастықтың белсенді мүшесіне айналдырды. Ол Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қайта құрып, БҰҰ мен дүниежүзілік сауда ұйымының қатарына қосты. Елде саяси бірлік пен қоғамдық келісім орнатып, мемлекеттігіміздің мызғымастығына кепіл болды. Демократиялық бастамаларды нығайтып, дамудың дара даңғылын қалыптастырды. Аймақтың, жаһандық мәселелердің шешілуіне атсалысып, халықаралық жағдайды реттеу мақсатында жаһан жұртына тың идеялар ұсынды. Халықаралық деңгейде Қазақстанды қарусыздану, жаппай қырып-жою қаруын таратпау үдерісінің көшбасшысы, аймақтың және аймақаралық интеграциялық үдерістердің бастамашысы, мәдениет, дін, өркениеттер арасындағы пікіралмасудың модераторы ретінде танытты.
Елбасы сарабдал саясаты мемлекетті өзге елдер 100 жылда әупірімдеп жүріп жеткен жетістіктерге ширек ғасырда қол жеткізді. Назарбаев бейбітшілік пен бірлікті насихаттай отырып, Қазақ елін әлем танитын, құрметтейтін, пікірімен санасатын тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ол сыртқы саясатты сәтті жүргізіп, 3 мыңнан астам халықаралық шарттың рәсімделуіне, әлемнің барлық мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ұйытқы болды. Елбасы Қазақстанның экономикалық қуатын арттыру үшін сыртқы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыс жасауға басымдық берді. Елдің берекесі мен бірлігін сақтап, өзара сыйластық пен келісім орнату үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы атты ұлтаралық татулықтың бірегей институтын құрды. Ұлт Көшбасшысы бастамасымен Қазақстанды халықтар достығының мекеніне айналдырды.
Иә, Елбасы Н.Назарбаевты дала дипломатиясын жетік меңгерген, мәмілегерлікті еркін білетін, араағайындық миссиясын мінсіз атқаратын сұңғыла саясаткер, бітімгер көшбасшы деп білеміз.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА