Қазақстандық банктер ипотекасы барларға қосымша қолдау көрсетеді

Қазақстандық банктер 24 ақпаннан бастап ХӘОТ санатының қарыз алушыларына қосымша қолдау шараларын көрсету жұмысын бастайды, деп хабарлады ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен.

«Кездесудің қорытындысы бойынша банктер ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қолдау шараларын іске асыруды дайындау бойынша жұмыстың аяқталып жатқандығы және ағымдағы жылғы 24 ақпаннан бастап қарыз алушылардан өтінімдерді қабылдауға кірісетіндерін айтты», - делінген хабарда.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында банктер қазіргі уақытта және қарыз алушылардың өтініштерін қарау кезеңіне кепіл затын іске асыру және қарыз алушылар мен олардың отбасыларын тұрғын үйінен шығару арқылы Бағдарламаның талаптарына әлеуетті сәйкес келетін ипотекалық қарыздарды өндіріп алу бойынша сот рәсімдері тоқтатылғанын мәлімдеді.

Ипотекалық қарыз алушыларды қолдау бойынша қосымша шараларға қатысушылардың тізіміне 19 қаржы институты, оның ішінде 16 банк кіретінін («ForteBank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Jysan Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ және т.б.), «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Астана ипотека» АҚ және «Ипотека АФ» АҚ атап өтеміз. Қазіргі уақытта Бағдарламаға қатысушылардың «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-пен жасалатын салым шарттарына қол қою рәсімі жүріп жатыр.

Хабарда айтылғандай, банктердің есептері бойынша, 44,6 млрд теңге сомасында берешегі бар ипотекалық қарыздарға қызмет көрсетумен объективті қиындықтарға тап болған 7 мыңнан астам ХӘОТ қарыз алушылары қосымша қолдаумен қамтылатын болады.

Дереккөз: kaztag.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT