30 маусымнан бастап карантин күшейетіні туралы ақпарат - жалған

Қазақстанда 30 маусымнан бастап шектеу шараларының күшейтілетіні жайлы тараған ақпарат – жалған, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік желілерде Ведомствоаралық комиссия Қазақстанда 30 маусым сағат 00.01-ден бастап белгілі бір уақыт ішінде шектеу шараларын күшейтетіні жайлы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат дұрыс емес. Шектеу шаралары туралы түпкілікті шешімді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-Министрдің төрағалығымен мемлекеттік комиссия қабылдайды», – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді.

Дереккөз:aikyn.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT