«Қауіпсіз жол» акциясы аясында 152 адамға хаттама толтырылды

Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өрескел бұзушылықтарын анықтау.

Ағымдағы жылдың облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының өсуіне байланысты 30 қыркүйек - 6 қазан күндері аралығында Махамбет ауданы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өрескел бұзушылықтарын анықтау, бұл ретте мас күйінде көлік құралын басқаруға, жылдамдық режимін, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктерін және балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалану және қағидаларына ерекше назар аудару болды.

Өткізіліп отырған іс-шараның 5 күні ішінде әртүрлі құқық бұзушылық жасаған үшін 152 әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шаралары алынды.

Оның ішінде автокөліктің алдыңғы бүйірлік әйнектеріне күнгірттегіш пленкалар немесе перделер (шторка) тағу бойынша 19-факті, стандартқа сай емес қайта жабдықтау бойынша -2 факті, телефонмен сәйлескен күйде автокөлік басқарғаны 20 факті, бала-ларды ұстағыш құрылғысыз немесе қауіпсіздік белдіктерін тақпаған күйде автокөлікке отырғызып, көлік жүргізгені үшін 41 факті, жаяу жүргіншілерге басымдылық бермегені 2 факті, алкогольдік масаю күйінде автокөлік баскарғаны үшін 2 факті,жүргізуші куәлігі жоқ күйде басқарған 3 факті,жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолдың жүріс бөлігінен өтуімен 27 факті, міндетті сақтандыру полисінсіз басқару бойынша 17 факті және үй немесе ауылшарушылық жануарларын бағу қағидасын бұзғаны үшін (ірі қара сиыр ,жылқы малдарының елді мекен немеме тасжолдар бойында иесінің ,бағбанның қарауынсыз жүрген 20 құқықбұзушылық анықталды. Осыған сәйкес 2 әкімшілік хаттама процесуалдық шешім қабылдау үшін Махамбет аудандық сотына жолданған болса, қалған әкімшілік істер бойынша заңнамаға сәйкес айыппұлдар салынды. Өзіңіздің, өзгелердің өмір қауіпсіздігі үшін жүргізушілерді жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Қ.ШОНЫШЕВ,

Махамбет АПБ Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция қызметінің аға инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521