Пәтерден қуса, қайда жүгінеміз?

«Сіз пәтерден көшуiңiз керек, бiзге сiз төлегеннен де көп ақша ұсынылды», кез келген жалға алушы мұндай сөйлемдi естiгiсi келмес еді.

Қазақстан қазіргі жағдайда резидент еместер мен санкциялық қысымнан бас тартуға мәжбүр болған компани-ялар үшiн магнит болып саналады. Соңғы апта әртүрлі саяси себептер¬мен өз елiн тастап кетуге тырысқан бейрезиденттердiң жаппай ағынымен есте қалды.

Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң республикамыздағы мұндай қонақтардың легі экономикаға әсер ететіні сөзсіз. Сонымен қатар эконо¬мистер елімізде баспана бағасының күрт өсуiн де болжап отыр. Өкінішке орай, кейбір кәсіпкерлер бұл жағдайды барынша жоғары пайда табу үшін пайдаланады. Бұл тұрғыда, әрине жеке кәсіпкерге сіз ренжімеуіңіз ке¬рек, өйткені, априори сол пайда табу үшін.Алайда, кәсіпкерлік және басқа да қызметті жүзеге асыру кезінде бұзылмайтын заңнаманың белгілі бір нормалары бар.

Тұрғын үйді жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу және жалға алушыларды шығару ҚР Азаматтық Кодексінің 29-тарауымен реттеледі. Заңға сәйкес, егер тараптардың бiрi шарттың манызды талаптарын бұзса, меншiк иесi шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға және сот тәртiбiмен және Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 401-бабында белгiленген негiздер бойынша жалға алушыларды шығаруды талап ете алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 556-бабында белгiленген негiздер бойынша бұл:

1) егер жалға алушы мүлiктi шарт талаптарын немесе мүлiктiң мақсатын елеулi түрде бұзып, жалға берушiнiң мұндай iс-әрекеттi тоқтату туралы жазбаша ескертуiне қарамастан пайдаланса;

2) егер жалға алушы қасақана немесе абайсызда мүлiктi елеулi түрде нашарлатса;

3 ) егер жалға алушы мүлiктi пайдаланғаны үшiн шартта белгiленген төлем мерзiмiнiң өтуi бойынша екi рет¬тен астам төлем жасамаса;

4) егер жалға алушы жалға алу шар¬тында белгiленген мерзiмде мүлікті күрделі жөндеуден өткізбесе, ал ол шартта көрсетілмеген жағдайда - заң актiлерiне немесе шартқа сәйкес күрделi жөндеу мiндетi жалға алушыға жүктелген жағдайларда, оны қисынды мерзiмде өткiзбесе, мүлiктiк жалдау шарты бұзылып, мүлiк жалға берушiге қайтарылуы мүмкiн.

Жалға берушi жалға алушыға өз мiндетiн қисынды мерзiмде орындауға мүмкiндiк берiлгеннен кейiн ғана шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.

Ал егер сіз пәтерді жалдасаңыз, оны келiсiмшарт талаптарына сәйкес ұстасаңыз, жалдау ақысын уақытында телесеңiз, онда жалға берушi сiзді өз мойнына алған мiндеттемелердiң мерзiмiнде яғни келiсiм-шарт мерзiмiнде шығара алмайды. Ал ауызша келісім бойынша, егер сіздердің араларыңызда белгілі бір жалдау мерзімі келісілмеген болса, жалға беруші сізді шығарудан кемінде үш ай бұрын хабардар етуі керек.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сiздi «келiп қуып жiберемiн», «Полиция шақырамын» деген қоқан-лоқы да негізсіз. Өйткені, сіз пәтерге өз бетіңізше емес, жалға берушімен алдын-ала келісім бойынша көшіп келгендіктен осы саладағы азаматтық- құқықтық қатынастар сотта шешілуі керек. Сондықтан әлеуметтік желіде үйсіз қалып жатқан студент жастар мен отбасылар өз құқын заң жүзінде қорғаса екен дейміз. Егер пәтер иесі жалға беруді заңды түрде іске асы¬рып отырған болса жауапкершіліктен құтыла алмайды.

А.УАЛИЕВ,

Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521