Қаскөйлерге химиялық кастрация жасалады

Қазақстанда 11 адамға химиялық кастрация жасалады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мәжбүрлі түрде химиялық кастрация шарасы сот-психатриялық сараптама нәтижесіне қарай сот шешімімен тағайындалады. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, мұндай жаза кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған, жасы 18-ден асқан адамдарға қолданылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бері қылмыстық атқару жүйесіне соттан осы мәндегі үкім алған 11 адам түсті. Аталмыш жандардың бәрі дәрігерлік-консультативтік комиссияның қарауынан өтті.

Қазіргі таңда процедура Павлодар және Ақмола облысындағы мекемелерде екі адамға жүргізіліп жатыр. Осы жаза түрі тағайындалғандар туралы басқа мәліметтер құпия және ҚР Конституциясының 18-бабының 1-тармағына сәйкес таратуға жатпайды» делінген комитеттің ақпаратында.

Материал ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521