«Дипломмен-ауылға!» аясы кеңейеді

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында білім беру сапасын арттыруға ерекше мән берілген.

Оқушылардың қабілетін анықтап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу, қала мен ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасындағы алшақтықты, ауылдық жердегі кадр тапшылықтарын жою, ол үшін «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп ұйымдастыруды атап көрсете отырып, алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын 2 есеге арттыруды үкіметке тапсырғандығын атап өткен-ді.

Бұл жаңалық біздің саладағы әріптестеріміздің көңілін көтергені анық. Жалпы биылғы Президент Жолдауында басты мәселелерге байланысты ерекше ұсыныстар айтылды. Бәрі рет-ретімен орындала берсе, халықтың әл-ауқаты жақсаратынына сенемін. Болашақта білімді де білікті жеке тұлғаны тәрбиелеуде бірлесе еңбек етейік!-дегім келеді.

Б.Құмарова, «Райхан гүлі»

бөбекжайының меңгерушісі

Таңдай ауылы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521