Ұрпақ сабақтастығы-тәрбиенің көзі

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназия ұжымы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, өз ортасында талқылаған-ды.

Жолдаудағы заман талабына сай тиімді мемлекет құруда жүзеге асырылатын шаралармен танысқан ұжым мүшелері өз ойларын ортаға салды. Атап айтар болсак, ұстаздар қауымы халықпен тиімді кері байланыс орнату мен қоғамдық келісім нығайту үшін атқарылатын шаралар туралы, соның ішінде Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойларын атап өтуді өте құнды деп санайды. Өйткені, мұғалімдер қазақ тарихындағы Ұлы тұлғалардың бүгінгі ұрпақпен сабақтастығын – тәрбиенің көзі деп біледі.

Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түспейтіні көңілге қонымды ой ұялатты. Өйткені, сыбайлас жемқорлық – қоғамның нағыз дерті екені белгілі. «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» бағыты бойынша «Білім экономикасы» туралы айтқаны өте орынды. Өйткені, шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру жөніндегі ойлары бүгінгі күнмен ғана өмір сүрмей, болашақ ұрпақтың қамын ойлағанның дәлелі болмақ. Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихқа қатыстыра отырып айтуы өте маңызды. Себебі, Алтын орда тарихы мен Қазақстан тарихы сабақтас.

«Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімі бойынша осыған дейін бір шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі – оқулық сапасының төмендігі де сөз болған, ал бұл мұғалім мен оқушының, ата-ананың ойын дөп басқандай. Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтығы жөнінде жазғаны, бұл жердегі негізгі мәселе ауыл мектептеріндегі білікті педагогтардың тапшылығы жөнінде айтылғаны шындыққа сай деп біледі. Сондықтан «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жалғастыруы - ұрпағымыздың болашағы үшін маңызы зор.

Жұмыс істейтін азаматтардың өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесі туралы пысықтауды үкіметке тапсыруы да жақсы бастама деп біледі. Өйткені, әркім зейнет жасына жетпей-ақ қордаланған жинағының жемісін көруі тиіс деп түсінеді. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» бөлімі бойынша «Бірге – таза Қазақстан» науқаны жобасын қолдауы экология бағытындағы ең басты мақсаттардың бірі деп санайды. «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» қағидасын басты мақсат етіп алуы да алға өркендеуіміздің басты кепілі.

Қорыта айтқанда Д.Төленов атындағы мектеп-гимназия ұжымы Жолдауда айтылған бағыттар жүзеге асса, еліміз алға қарай өркендей бермек деп бағдарлайды.

О.Гарифуллина, Д.Төленов атындағы

мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521