Қайырымдылық көмегін ұсынды

Қайырымдылық-адам жанының нұры. Сөзбен емес, іспен көрсеткен өнеге адам жанында мәңгі қалады. Жалпы қолдан келсе, жақсылық жасауға асыққан дұрыс.

Соңғы кездері ауданымызда мұқтаж жандарға барынша көмек қолын созушылар көбейді. Бұл адам жүрегіне имандылық ұялататыны рас. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Жанашырлыққа жан риза деп жатады. Аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қатысу- әрбір адамның азаматтық парызы.

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттық, кеңпейілдік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасау кеңпейіл жанға тән қасиет. Жомарт болу- өзіңде барды әр адаммен шын жүректен бөлісу. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» дегендей, қайырымдылық, ізгілік, парасаттылық, адамгершілікті биік ұстап, кісіліктің ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанды демеп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытқан үлес қоса білуге атсалысқан Махамбет аудандық пробация қызметі ұжымы.

q

Еріктілер жылына байланысты Махамбет пробация бөлімшесінің инспекторлары Жалғансай ауылында тұратын жұмыссыз, пробация қызметі есебінде тұрған Асқар Мұқашевқа қайырымдылық жасап, отбасына азық-түлікпен көмектесті. Пробация инспекторларымен бірге «Арман» шаруа қожалығының төрағасы Руслан Кабдикаримов те барып, көптен жұмыссыз отырған отбасына қайырқомдық жасағанын айта кеткен дұрыс. ҚАЖ департаментінің Махамбет аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны А.Кабдыкайрова еріктілер жылына байланысты «Арман» шаруа қожалығымен бірігіп, қайырымдылық көмегін азық-түлікпен болса да ұсынғанды жөн көргендерін айтты.

Сондай-ақ «Арман» ШҚ төрағасы Р. Уапұлы да қайырымдылықтың үлкен-кішісі болмайтынын, көптен жұмыссыз отырған отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлік кәрзеңкесі де артық етпейтінін еске салды. Шаңырақ отағасы А.Мұқашев отбасына көрсетіп отырған көмектері үшін алғысын жаудырып, өзінің есепшоты бұғатталғандықтан шақырған жұмысқа кіре алмай отырғанын қынжыла баяндап, отбасында екі қызы барын, тұңғышы Атыраудағы қазақ-түрік лицейінде оқитынын, кіші қызы мектеп оқушысы екенін айта кетті.

Иә, қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» деген дана халқымыз. Жанашырлыққа жан риза деп жатады. Қолдан келер қамқорлықты, жан жылуын, қайырымдылықты аямайық, ағайын!

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT