Атыраулықтар «Сары нөмір» ала бастады

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Армениядан әкелінген көліктер тіркеле бастады.

Таяуда екі атыраулық «темір тұлпарына» «сары нөмір» тағып үлгерді. Алғаш болып «Toyota camry» автокөлігінің иесі, 29 жасар Атырау қаласының тұрғыны тіркелді.

– Көлігімді Армениядан әкелгеніме бір жыл болды. Енді оны тіркеуді ұйғарып, сенбі күні мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келдім. Орталықтың демалыс күндері де жұмыс істегені ыңғайлы болды. Осында мемлекеттік баж төледім. Маған автокөлігімді ресми түрде өз атыма тіркеп берді. Барлық рәсімдер тез жасалды, – дейді көлік иесі Аслан Иманғалиев.

Ал, одан кейін «Toyota RAV4» автомашинасын атыраулық азаматша да тіркеуден өткізді. Қазір, ЕуроОдақ елдерінен әкелінген көліктерді Қазақстанда тіркеу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсеnу орталығы сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істеуде.

– Шетелдік көліктерді тіркеуге байланысты автокөлік иелері үшін ақпан айының соңына дейін орталықта қырыққа жуық қызметкер қызмет көрсетеді. Бұрын 27 маман ғана болатын, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлы.

Ал, облыстық полиция департаментінде сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін «қауырт желі» іске қосылды. Сондай-ақ, 8 707 525 7486 ұялы телефон нөмірі арқылы кеңес алуға болады.

Айбөпе САБЫРОВА

Atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT