Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесі қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.

«Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы шеңберінде Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесі қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикасын күшейту бойынша әскери қызметшілермен қызметтік кездесу ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Демек, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану, билікті асыра пайдалану, пара алу немесе беру, парақорлыққа делдал болу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу сияқты қылмыстардың барлығы сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Кездесу барысында мемлекеттік мерекелер қарсаңында қызметтік міндеттерін адал атқаратын және жауынгерлік дайындықта үздік жетістікке жеткен әскери қызметшілерді көтермелеу мақсатымен берілетін ақшалай сыйақы беру кезінде жиі көтермелеу заңдылықтары бұзылатыны айтылып, осындай құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған әскери қызметшілер жайлы ақпараттар жиынға қатысқан жеке құрамға жан-жақты жеткізілді.

Б.Касенов, Атырау гарнизоны

әскери полиция бөлімшесінің бастығы,майор

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT