Пробация туралы заң жүзеге асуда

2017 жылдан бастап ҚР «Пробация туралы» Заңы күшіне енген болатын.

Санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлерімен жеке айқындалатын шаралар жүйесі. Жалпы мақсат - күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу, сотталған адамды әлеуметке қосу, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Әлеуметтік бейімдеу және оңалту шараларына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, медициналық көмек, орта білім алу, кәсіпті меңгеру, жұмысқа орналасу, психологиялық демеуді қамтамасыз ету жатады. Пробация түрлеріне сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық, пенитенциарлықтан кейінгі пробация жатады.

Махамбет аудандық Пробация қызметі бөлімшесі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету және қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында аудандық жергілікті атқарушы органдармен, жұмыспен қамту, жастар ресурстық орталықтары, кәсіпкерлік және туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімдерімен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалымен меморандум жасалды. Үнемі олармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып, осы бағыттағы жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, сотталған адамдармен күнделікті профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, істі болғандардың тұрғылықты мекен-жайларына тексерулер жүргізілуде.

Сонымен қатар Пробация қызметі сотталғандардың жазасын өтеуіне қарап, тәртібі жақсы деген азаматтардың жазаны өтеуден мерзімінен бұрын және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға Махамбет аудандық сотына жылдың басынан бері 4 ұсыным жолданды. Оның ішінде 3 ұсыным қанағаттандырылып, 1-і сотта қаралуда.

Аудандық соттың шешімімен 3 сотталған мерзімінен бұрын босатылды. Бұл заң қоғамнан оқшауламай-ақ, қылмыстық жазаларды барынша кеңінен қолдануға жағдайлар туғызып, тура жолдан адасып, жазалы болған азаматтарға деген ізгілікке толы қамқорлық деп білеміз.

Н.Ташекенова, Махамбет аудандық Пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT