2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлауы өтеді.
Осы орайда дауыс беру құқығы бар көптеген азамат өзінің сайлау учаскесінің қайда екенін білмей жататыны да бар. Ал оны анықтау жолы өте қарапайым. Еліміздің барлық өңірлерінде сайлаушылардың тізімін әзірлеуге жауапты жергілікті әкімдіктер ресми сайттарына арнайы баннер орналастырып, Call-орталықтар, Telegram-боттар жасақтап қойған. Сол ресурстарға кіру арқылы кез келген азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін анықтай алады. Ал уақытша тұрып жатқан азаматтар 10 желтоқсанға дейінгі жергілікті әкімдіктерге барып, дауыс беру үшін тіркеуден өтуі қажет.
Атырау облысында сайлау учаскесін анықтауға арналған сайт жұмыс істейді. Мұнан бөлек, кезекті сайлау науқаны кезеңінде Атырау қаласы және аудандар әкімдіктері жанынан Call-орталықтар ұйымдастырылған. Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін орталыққа хабарласу арқылы сайлау учаскесінің мекенжайын анықтап, тізімде бар-жоғыңызды біле аласыз.
Telegram әлеуметтік желісінде @SailauAtyrauBot бот қызметі де іске қосылған.
Атырау қаласы мен өңірге кіретін аудандардың Call-орталықтарының телефон нөмірлері мыналар:
Атырау 8(7122)320233;205375
Жылыой ауданы 8(71237)51554
Индер ауданы 8(71234)20880
Исатай ауданы 8(71231)20684
Құрманғазы ауданы 8(71233)20920
Қызылқоға ауданы 8(71238)21195
Мақат ауданы 8(71239)32341
Махамбет ауданы 8(71236)21242