Атырауда бетперде шығаратын өндіріс іске қосылды

«Атырауда жергілікті компаниялардың бірі бірреттік медициналық бетперделер тіге бастады», деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

 Кәсіпкер Махмут Мералиев пандемияның "бірінші толқынында" өңірде бетперде қажеттілігі байқалғанын айтады. Сондықтан қолжетімді бағаға сатылатын маска жасап шығаруды қолға алған. Үкімет тарапынан қолдау тапқан игі бастаманың алғашқы өнімдері Тәуелсіздік күні қарсаңында сатылымға шығады.

maska271120-1

"Қазіргі уақытта - «Доктор Хаус» ЖШС компаниясында 20 жұмысшы қызмет етеді. Бір реттік маскалар тоқылмаған материалдан жасалады. Пайдалану уақыты 2 сағаттан аспайды. Үш­қабатты ересектерге арналған медициналық бетперделерді жылына 30 млн данамен шығаруды көздеп отырмыз", - деді зауыттың бас инженері Мұхтар Махметов.

Оның айтуынша, Атыраудан өндірілген бетперделер алдағы уақытта еліміздің барлық өңіріне сатылымға шығарылмақ. Сапаға қатты мән беретін компания балаларға арналған маскалар да шығаруды жоспарлап отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT