Медиатордың алар орны бөлек

Ағымдағы жылдың мамыр айында Атырау облыстық сотында «Сотқа дейінгі және соттағы татуластыру рәсімдерінде медиатордың алар орны» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өтті.

Шараға Махамбет аудандық билер кеңесінің төрағасы С.Шотпақов және оның мүшелері Н.Ерғалиев, М.Ещанов, С.Жумалиева, Б.Набиева қатысты.

Тренингті Халықаралық құқық қорғау орталығының жетекшісі, Қазақстан медиаторлары ассоциациясының бас директоры Жанділда Жақыпов өткізді. Ол пікір алысу түрінде өткен тренинг барысында билерге дауларды шешудің нақтылы жолдарын көрсетті. Іс-шара кезінде ол ақсақалдар мен билердің өткен ғасырларда дауларды шешу кезінде қолданған тәсілдері, даудың мәні, жанжал шығаратын адамдар туралы, медиацияны жүргізудің ұғымы, қағидаттары мен ережелері, билердің шешендік өнері жөнінде жан-жақтылы түсінік берді.

Билер мүшелеріне арнайы курстан өткені туралы сертификатты Махамбет аудандық сотының төрағасы Б.Қадырғалиев табыстады. Жалпы Махамбет ауданында билер кеңесі 2018 жылдың қазан айында құрылған болатын.

К.Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521