ОРК-да азаматтарды ақпараттандыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Ү.ж. 26 мамырында Орталық референдум комиссиясында Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен офлайн және онлайн режимде азаматтарды алдағы референдум туралы ақпараттандыру мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Отырысқа цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, әкімдіктердің, барлық өңірлердің аумақтық комиссияларының басшылығы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров өз кіріспе сөзінде «Референдум туралы» Конституциялық заңға сәйкес референдумды ұйымдастыру мен өткізу ашық әрі жария түрде жүзеге асырылып отырғанын атап өтті. Орталық референдум комиссиясы азаматтарды референдумға әзірлік барысы туралы барынша хабардар етіп келеді.

Төраға Комиссияның барлық отырыстары гибридті форматта, яғни офлайн әрі онлайн режимдерде бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті түрде қатысуымен өтіп отырғанын атап өтті. Отырыстар ОРК интернет-ресурсы арқылы трансляция арқылы көрсетіліп, сурдоаудармамен қамтамасыз етіліп келеді. Әр отырыстан кейін БАҚ-қа арналған брифингтер өткізілуде, онда журналистердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілуде. Референдумның барлық қаулылары, баспасөз релиздері мен өзге де ақпараттық материалдары комиссияның интернет-ресурсында орналастырылған және барлығына қолжетімді. Ақпараттық-түсіндірмелік бейне, аудиороликтер, интернет-баннерлер, баспа басылымдарына арналған модульдер әзірленіп, республикалық және өңірлік БАҚ-қа таратылып отыр. Осылайша, комиссия тарапынан референдумға дайындық процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Іс-шарада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров сөз сөйлеп, Министрлік барлық ақпараттық ресурстарды осы жұмысқа тартып, сондай-ақ ақпараттық алаңға тұрақты мониторинг жүргізіп отырғанын атап өтті. БАҚ-та және әлеуметтік желілер арқылы әр өңір бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу жөнінде ақпараттық хабарламалар мен графикалық өнімдер таратылғанын атады.

Үгіт жұмыстары кезеңінде 5 мамырдан бастап 499 республикалық және өңірлік БАҚ-на мониторинг жасалды, олардың 321-і газет, 47-сі телеарна және 131-і интернет-ресурс. 2022 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша үгіт жұмыстарын бұзу жағдайлары тіркелмеген.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов кеңеске қатысушыларды «ЖСН бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу» сервисін әзірлеу бойынша ведомствоның атқарған жұмысы туралы хабардар етті. Бұл сервис 3 ақпараттық ресурста орналастырылған:

https://www.gov.kz/referendum;

https://referendum.gov.kz/;

https://referendum2022.gov.kz/

Қазақстан азаматы ЖСН арқылы референдумдағы өз учаскесін таба алады. Учаске болмаған жағдайда, автоматты түрде әкімдіктердің call-орталықтарының тізімдері көрсетіледі.

Осы сияқты сервистер Kaspi.kz және Қазақстан Халық банкінің Homebank қосымшаларында жасалынуда. Жақында осы сервис іске қосылады деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ, облыс әкімдіктерінің өкілдері халыққа дауыс беру учаскелері туралы ақпарат беру бойынша референдум, колл-орталықтардың, Telegram боттардың жұмысы туралы хабардар ету жөнінде атқарып отырған жұмыстары туралы баяндады.

https://ken-zhyloi.kz/zhanalyqtar/sayasat/2022-zhyl-y-26-mamyrda-ork-da-referendum-tkizu-barysynda-azamattardy-a-parattandyru-m-seleleri-bojynsha-ke-es-tti.html

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521