Маңызы жоғары науқан

Ақмола облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы өкілдігінің мүшелері өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі – «Гормолзавод» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында 5 мау­сым­ға белгіленген жалпы­ха­­лықтық референдумның тақы­рыбын түсіндіру, сондай-ақ елі­міздің Негізгі Заңына енгі­зі­летін түзетулер мен то­лық­ты­рулар туралы әңгіме болды. Ақмола облысы бойынша референдумды қоғамдық қол­дау республикалық штабы өкіл­дігінің басшысы, «Ақмола облысының әкелер кеңесі» ҚБ төрағасы Ерлан Закирьянов және Ақмола облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төра­ғасы Қали Рах­метов басқосу ке­зін­де саяси нау­қанның тарихи маңыз­ды­лы­ғын атап өтті.

Штаб мүшелері­ рес­­­пуб­­ли­ка­лық ре­ферендумның не­гізгі мәсе­лелеріне, сондай-ақ Ата Заңға енгізілетін түзетулер мен то­лықтырулар туралы, атап айт­қанда, Президенттің өкі­лет­ті­гін қысқарту, Парламент пен мәсли­хат­тардың рөлін кү­шей­ту, азамат­тар­дың мемле­кет­тік басқаруға қатысуын ке­ңей­­ту, құқық қорғау саласын ны­ғай­ту мәселелеріне кеңінен тоқталды.

«Конституцияға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар Қа­зақ­стан тарихында жаңа тарау­ды ашады, ал мемлекеттің саяси жүйесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары қоғам мен ел өміріне жан-жақты әсер етеді», деп атап өтті спикерлер.

Кездесу барысында серік­тес­тік қызметкерлері өздерін қызық­тыр­ған сұрақтарын қойып, оларға тиісті түсініктемелер мен жауаптар берілді. Іс-шара соңында «Гормолзавод» ЖШС ұжымы ұсынылған өзгерістерге қолдау білдіріп, референдумға қатысуға дайын екендіктерін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Мем­лекет басшысы «2022 жылғы 5 мау­сымда республикалық референдум өткізу туралы» Жар­лық­қа қол қойған күннен бас­тап облыста білікті заңгерлер, оның ішінде әділет, сот жүйесі ардагерлері, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір көшбасшыларының басын біріктірген референдумды қоғамдық қолдау республикалық штаб өкілдігі құрылған болатын. Сол уақыттан бері рес­пуб­ликалық штаб өкілдігі өңірдің әр аудан, ауылында жан-жақты түсіндіру жұмысын жүр­гі­зіп келеді. Жүргізілген жұмыс нәти­же­сінде бүгінгі күні штаб 40 мың адамды қамти отырып, мыңнан астам іс-шара өткізді.

 

Egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521