Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Қызылордаға сапармен келді

Ү.ж. 26-27 мамырында Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Айжарықұлы Смағұловтың Қызылорда облысына сапары болды. Екі күндік жұмыс сапарының мақсаты – аймақтың референдумды өткізу дайындығын тексеру.

Алғашқы күні облыс әкімі аппараты басшысының, әділет департаменті, облыстың ҰҚКД, прокуратура, ҮЕҰ өкілдерінің, референдум комиссияларының мүшелері қатысқан семинар-кеңесі өткізіліп, оның барысында келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды:

1. Референдум өткізу бойынша жергілікті атқару органдарының тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы;

2. Референдум күнін ұйымдастыру және дауыс беру учаскелерінде референдум комиссияларының қызметінің ерекшеліктері;

3. Террористік сипаттағы анонимді қауіп хабарлама, күдікті зат табылған кездегі іс-қимыл алгоритмі;

4. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы;

5. Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік;

6. Республикалық референдум қарсаңындағы үгіт және дауыс беру күні бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу туралы.

Одан әрі комиссияның мүшесі Қызылорда қаласының №222, 236, 264 учаскелерінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жабдықталуын, жарақтандырылуын, мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдайдың жасалуын, қажетті әдістемелік, ақпараттық материалдарымен қаматамасыз етілуін, учаскелік референдум комиссия мүшелерінің референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімімен жұмысының сапасын ескеріп дауыс беруге дайындығын тексерді.

Сондай-ақ Шиелі ауданының Балаби ауылындағы №273, Шиелі кентіндегі №388 учаскелері, Жаңақорған ауданының Бірлік ауылындағы №312, Жаңақорған кентіндегі №340 учаскелерінің дайындығына тексеру жүргізілді.

Сапардың екінші күні Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарына бару жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521