Өңірімізде браконьерлік дерегімен 1500 іс қозғалған

Атырау облысында браконьерлік дерегімен 1500 әкімшілік және қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «балық шаруашылығы саласын дамыту – басты міндеттің бірі» деп санайды. Осыған орай балық шаруашылығы басқармасына арнайы тапсырма беріп, әсіресе, браконьерлікпен күрес шарасына баса назар аударды. Өйткені, балық шаруашылығы саланы дамыту үшін браконьерлікпен күрес маңызды рөл атқарады.

«Былтыр браконьерлік дерегі бойынша 1500-ге жуық әкімшілік және қылмыстық іс көтерілді. Сот арқылы 287 адам жауапкершілікке тартылды», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Балық қорын көбейту үшін былтыр Жайық өзеніне 7,5 млн бекіре тұқымдас балықтардың шабағы жіберілді. Сондай-ақ, өткен жылы өңірде 15 464 тонна балық аулауға квота бөлінді. Квотаны игеру көлемі 84,7 пайызға орындалды. Енді биыл бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521