Бұл туралы 2019 жылдың қорытындысы мен 2020 жылға жоспар жөнінде тұрғындар алдында есеп берген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жайық, Қиғаш өзендеріндегі түп тереңдету жұмыстары 2017 жылы басталды. Осы мақсатқа аймақта 7,1 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Жұмыстың жалпы ұзындығы – 214 км.
– Жайық өзенінде, Құрманғазы, Жарқосын, Яицкий каналдарында балықтардың кедергісіз өтуі үшін түп тереңдету жұмыстарын жүргізудің мақсаты – балық қорын сақтау, балықтың табиғи өсіп-өнуіне жағдай жасау, – деді Махамбет Досмұхамбетов.
Жалпы ұзындығы – 91,1 км түп тереңдетіледі. 2020 жылы осы мақсатқа 2,4 млрд теңге қаралып отыр. Түп тереңдету жұмыстары биыл аяқталады.