Қоқыс жәшігі қажет

Соңғы кездері қоқыс жәшігі дегенді мүлдем көрмейтін болдық. Әркім қоқысын кез келген бұрышқа төгіп, немесе қойып кететінді шығарды.

Біз тұратын И.Тайманов көшесінде қоқыс жәшігі тіпті жоқ. Әр көшенің тұрғыны көшені жинайтын автокөлікке деп қоқыстарын жинап, қойып кетеді. Ал кейбірі бүкіл көшені алып жатқан «Қазсельхозтехниканың» иессіз құрылысына лақтыра салады. Көшеде кетіп бара жатқан бала да ішкен шырынның бөтелкесін тастай салуды әдетке айналдырды. Көптен қараусыз, иессіз қалған құрылыс алаңы сырттай қарағанның өзінде адамға қорқыныш ұялатады. Кешқұрым оның қасынан балалар түгілі үлкен адам өтуге сескенеді. Ішімдік құмар жандардың жиналатын орнына айналды десек, қателеспейміз. Кей балалардың қираған ғимараттың үстіне мініп, жиі ойнайтынын байқап жүрмін. Егер құлап кетіп, мертіксе, кім жауапты? Қоқыс алаңына айналдыра бергеннен гөрі, оның иесін тауып, ғимаратын сатса, сатып, немесе құлатып, орнын тегістемей ме? Айналаға үрей тудырғанша, оның орнына заманауи үлгідегі ғимараттар бой көтергені абзал. Қоқысты кез келген жерге, анда-мында тастағанша, көше бойына жәшіктер орнатса екен. Өйткені, біз ол жерге қойғанымызбен, автокөлік келгенше ірі қара малдар, ит-мысықтар шашып кететінін көріп жүрміз.

Ғ.САЛИХОВ,

И.Тайманов көшесінің тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521