"Біз халықтан ештеңе жасырмаймыз"

Махамбет аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы С.Амантаев 2018 жылдың І жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асырудағы аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг ұйымдастырды.

Онда сот төрағасының міндетін атқарушы Сарсен Амантайұлы үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды саралады. Жалпы аудандық сот өндірісіне 23 қылмыстық, 365 азаматтық істер, 371 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер түсіп қаралған. Қылмыстық істер бойынша сот өндірісіне 27 адамға қатысты 23 қылмыстық іс қозғалып, 26 адамға қатысты 22 қалмыстық істер есептік мерзімде қаралып, аяқталғаны мәлім болды. Тоғыз адамға қатысты 8 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылған. Ал азаматтық істерге көз жүгірсек, сот өндірісіне барлығы 365 іс түскен. Ал 54 іс қысқартылған, оның ішінде 15 іс медиация тәртібімен, 33-і татуласумен шешілген. Екі іс партисипативтік тәртіппен қаралып, аяқталған.

Әкімшілік істер бойынша үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 371 әкімшілік істер қаралып аяқталған. Мәселен, 66 іс қысқартылса, 43 әкімшілік іс медиация тәртібімен шешілген. Сот жұмыстарын ұйымдастыру және құқықтық насихат жұмыстары бойынша 2018 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарында көрсетілген шаралар толықтай орындалған.

Сот актілеріне, сот отырысы хаттамаларына судьялар мен сот мәжілісінің хатшыларымен электронды цифр- лы қолтаңба қойылуда. Сот актілері, сот отырысы хаттамалары «Төрелік» ақпараттық жүйесіне уақтылы енгізіліп, тараптарға табыс етілуде. ҚР Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында www.sud.kz «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы барлығы-343 электрондық арыз, 371 әкімшілік құқық бұзушылық істер түсіп, тіркелген. Барлық істер дыбыстық және бейнежазба қондырғыларын қолдану арқылы қаралған. Сот төрағасы азаматтарды әр сәрсенбі сайын сағат 15.00-17.00 аралығында қабылдаса, аудан орталығынан тыс жерлерде тұратын тұрғындарға аптаның барлық күндері қабылдау жүргізеді. Сот төрағасының қабылда- уында 7 азамат болып, оларға тиісті құқықтық түсініктер берілді. БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға да нақты жауаптар қайтарылды.

А.ТЕКЕБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521